Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Несіпбек Айтұлының қайтыс болуына байланысты ақынның туған-туысына көңіл айтты

Ақын қазасы, қаза, ақын, Қазақстан президенті, қаралы хабар, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 12:25 Сурет: видеодан скриншот
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Несіпбек Айтұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы арнасы.

"Несіпбек Айтұлы ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді өркендетуге сүбелі үлес қосып, руханият саласының алға басуына күш-қайрат жұмсады. Қазақстан тәуелсіздігінің жыршысына айналған ақынның тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына мол әдеби-мәдени мұра қалдырған Несіпбек Айтұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Несіпбек Айтұлы – 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2012ж), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(2011), "Парасат" орденінің иегері(2004). Таңдамалы жеті томдығы "Фолиант" баспасынан (2015 ж.) жарық көрген эпик ақын.

"Бас сүйектері" (1976), "Жасынның сынығы" (1977), "Найзағай" (1978), "Жүректегі жаңғырықтар" (1979) поэмалары кезінде "Жалын" альманахы жариялаған Республикалық конкурстардың жүлделерін, "Мұхтар мен Абыз" толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдесін алған. "Мұқағали-Желтоқсан" поэмасы 2001 жылы Республикалық әдеби конкурстың жүлдесіне ие болса, "Бәйтерек" поэмасы әдеби қауым тарапынан жоғары бағаланды. 2004 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері.

"Бәйтерек", "Көз жасым" таңдамалы, "Бөрітостаған", "Ерлікке ескерткіш", "Сардар", "Құланойнақ", "Арқатірек", "Наурызбай", "Ту", "Сарайымнан шыққан сөз", "Дариға, дәурен", т.б. кітаптары жарық көрді.

Н.Айтұлы – ән-өлең жанрына да ерекше үлес қосқан ақын. Оның "Ән домбыра", "Сарыарқа", "Дәурен-ай", "Арман", "Дариға, дәурен","Қазақтай ел қайда" секілді көптеген туындылары халықтың сүйіп айтатын таңдамалы әніне айналған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: