Депутаттың айтуынша, педофилияны қоспағанда, әркім өз өмірінде нені дұрыс деп есептесе, сол жолмен жүре алады.
"Бірақ мұндай насихаттың қажеті жоқ. Сіздер байқамаған шығарсыздар, ал мен көрдім – кітапханаларда ЛГБТ-ны насихаттайтын кітаптар бар. Онда ханзада басқа ханзадаға ғашық болады, екі жігіттің арасындағы махаббат суреттеледі, мұндай мысалдар көп. Сондай-ақ көрсетілімге рұқсат етілген мультфильмдер бар, журналдар мен комикстер бар, олардың бәрінде бұл өмір салты насихатталады", – деді Смирнова.
Оның сөзінше, мұндай фильмдер мен кітаптар түзетулер қабылданған жағдайда арнайы белгімен (таңбамен) маркерленетін болады.
Бұған дейін Қазақстанда дипфейк үшін жауапкершілік енгізілетіндігін жазған болатынбыз.