Көлік нөмірі мен жүргізушінің жеке басын анықтай алады: Астанада жаңа камералар орнатылды

Фото: Zakon.kz
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 29 қазанда тұрғындармен кездесу кезінде елорда көшелеріне орнатылып жатқан жаңа бейнекамералардың мүмкіндіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қаладағы барлық "Сергек" камералары қалыпты жұмыс істеп тұр.

"Бүгінде Эмираттардан келген компания жұмыс істеп жатыр – олар консорциум құрамында бірлесіп жұмыс істейді. Бұл консорциумның жетекші компаниясы – Presight, ол G42 холдингіне тиесілі, өте ірі компания. "Сергек" осы компаниямен бірге жұмысын жалғастырып жатыр. Биыл қосымша 22 мың камера орнату жоспарланған, оның басым бөлігі қазірдің өзінде орнатылды. Инвестиция көлемі – 53 миллиард теңге", – деді әкім.

Әкім жаңа камералардың басты ерекшелігіне де тоқталды.

"Бұл жай ғана бейнебақылау камералары емес. Олар терең талдау жасауға мүмкіндік береді – яғни камералар адамның тұлғасын, көлік нөмірін және өзге де деректерді идентификациялай алады. Бұрынғы камералар тек түсіріп, жазып қана қоятын, ал жаңа жүйе арқылы енді толық әрі нақты ақпарат алуға болады", – деп түсіндірді Жеңіс Қасымбек.

Бұған дейін Астана әкімінің елордадағы кептеліс мәселесі қашан шешілетінін айтып бергенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты