Түркістанда фастфудқа тапсырыс берген 14 адам уланып қалды

Фото: Zakon.kz
Түркістанда фастфуд жеген 14 адам астан уланды. Олар Yammi maki деп аталатын орталықтан суши, пицца және чикенді тапсырыспен алдырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, бұл жолы фастфуд жеткізумен айналысқан кәсіпкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Себебі биыл наурыз айында да дәл осы орталықтан тамақ алып жегендер уланып, 68 адам ауруханадан бір-ақ шыққан. Ол кезде мекеме жабылғанымен, кәсіпкер жұмысын жасырын жалғастыра берген.

Бір жылда екінші мәрте қайталанған соң, тамақтану орны толық жабылып, полиция ҚР ҚК "Санитария ережелері немесе гигиена нормативтерін бұзу" бабы бойынша іс қозғады. Бұл бап бойынша кінәлілер екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, соңғы үш жылда өңірде осындай жаппай уланудан 200-ден астам адам зардап шекті.

"Кемшілікті жоймастан, осы нысанда қазан айынан бастап тамақ дайындауға қайта кіріскен. 21 қазанда екінші рет жаппай тамақтан улану тіркелді. Жалпы зардап шеккендердің саны — 14. Науқастардың бәрі пицца, суши, чикенды үйге алғызған. Олардың жағдайына байланысты Түркістан облысы СЭБД аумақтық басқармасы тарапынан нысандарға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, санитария нормасын сақтамай, өрескел кемшіліктерге жол берілгені анықталды".Асқар Ысқақов, Түркістан облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары

Бұған дейін 52 автокөлік пен 17 келі алтын және 400 млн теңге көлеміндегі қаражат тәркіленген іс туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады