Алматы облысының тұрғыны бір пәтерге 154 шетелдікті тіркеген

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 31 қазанда ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бір мекенжай бойынша жалған тіркеу жағдайлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалған тіркеуі ең көп анықталған өңірлер — республикалық маңызы бар үш қала.

"Биылғы жылы елімізде мыңнан астам пәтерде шамамен 70 мың адам тіркелгені анықталды. Кейін мұндай тіркеулердің бәрі жойылып, азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, жыл басынан бері тіркеусіз тұрғаны үшін 14,6 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Аталықов.

Оның айтуынша, кей жағдайларда бір мекенжай бойынша ондаған, тіпті жүздеген адамның заңсыз тіркелгені анықталады.

"Мысалы, Алматы облысында бір азаматша бір пәтерге бірден 154 шетел азаматын тұрақты тұруға тіркеп қойған", – деді ол.

Аслан Аталықовтың сөзінше, мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңнамаға түзетулер енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, шетел азаматтары үшін де жалған тіркеу және тіркеу мекенжайында тұрмау фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Негізгі шаралар мен санкциялар:

Осылайша, ІІМ жалған тіркеу фактілеріне қарсы күресті күшейтіп, тіркеу ережелерін бұзған қазақстандықтар мен шетелдіктерге жауапкершілікті күшейтуді көздеп отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды