Испаниядағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма

Испаниядағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 19:20 Сурет: pixabay
Испаниядағы теміржол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Испаниядағы теміржол апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. ҚР СІМ деректерді тексеруді жалғастырып жатыр", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Испанияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, кемінде 64 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алғанын хабарлаған едік.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа адам қателігі себеп болуы мүмкін. Оқиғадан кейін Мадрид пен Андалусия арасындағы жоғары жылдамдықты пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: