Қазақстанда 6 мыңнан астам сайтқа қолжетімділік шектелді

Фото: freepik
Қазақстанда тыйым салынған интернет-ресурстарға қарсы шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері ақпараттық кеңістікте азаматтарды қорғау мақсатында интернет-алаяқтыққа қатысты 7964 материал анықталған.

"Қарау нәтижесінде 6087 интернет-ресурс пен сілтемеге қолжетімділікті шектеу туралы 179 нұсқама берілді, сондай-ақ заңсыз материалдары бар сайттарға үш ескерту жолданды", – делінген министрлік жауабында.

Сонымен қатар, онлайн-платформаларды қылмыстық мақсатта пайдаланудың алдын алу үшін әлеуметтік желілер әкімшіліктеріне 1874 материал бойынша 145 хабарлама мен ескерту жіберілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылдан бастап интернет-платформалар иелері әр айдың 5-іне дейін салық органдарына сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер және жеке тұлғаларға жасалған төлемдер туралы мәліметті белгіленген нысанда ұсынуға міндетті болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды