4–6 қарашада Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды

Фото: Zakon.kz
Ел аумағында алдағы үш күнде (4–6 қараша) ауа райы құбылмалы болып, республиканың басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы Атланттан келетін циклонның ықпалында болады. Ол қар жаууына, желдің күшеюіне және көктайғақтың түзілуіне себеп болады.

"Республика бойынша тұман, көктайғақ, ал солтүстік өңірлерде боран күтіледі. Тек елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Сонымен қатар, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбырдың қарға ұласуы және кей жерлерде қардың қалың түсуі мүмкін.

Ауа температурасы да күрт төмендейді:

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз болуына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған