Жамбыл облысында екі жаңа су қоймасы салынады

Сурет: primeminister.kz
Жамбыл облысында 2026 жылы екі жаңа су қоймасының құрылысы басталмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өңір тұрғындарымен кездесу барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

"2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, Жамбыл облысында 10 жаңа су қоймасын салу және қолданыстағы үш нысанды қайта жаңғырту көзделген. Сонымен қатар 45 гидротехникалық құрылымға көпфакторлы зерттеу жүргізу жоспарлануда. Келесі жылы Ақмолин және Қалғұты су қоймаларының құрылысын, сондай-ақ Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоныз су қоймаларының реконструкциясын бастау жоспарланып отыр. Ал облыс әкімдігі жеті су қоймасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуде", — делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, министр өңірдегі ирригациялық каналдарды жөндеу жұмыстары туралы да айтты. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 415 шақырым болатын 76 арнаны қайта жаңарту жобасы дайындалуда. Бұл жұмыс нәтижесінде 24 877 гектар жерге су жеткізу сапасы жақсарады.

Айта кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Абай облысының Ақсуат ауданында Қарғыба өзенінде жаңа су қоймасын салу жоспары жарияланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз