Шымкентте алимент төлемеген борышкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдануда

Фото: freepik
Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кешенді шараларды қолға алды.

Биылғы жылы прокуратураның бастамасымен 38 борышкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша істер тіркеліп, сотқа жолданған. Нәтижесінде сот үкімдері шығып, борышкерлер жауапкершілікке тартылды.

Бұл көрсеткіш республика бойынша алимент төлемегендерге қатысты сотқа жолданған қылмыстық істердің 9 пайызын құрайды.

Соңғы сот шешімімен 4 миллион теңге көлемінде алимент қарызы бар азамат кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Прокуратура кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегендерге екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Аудан және қала прокуратуралары алдағы уақытта да алимент өндіру бағытындағы жұмыстарды жалғастырмақ.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін