Есірткі қылмысына қатысты 900-ден астам құқық бұзушылық тіркелді

Фото: Zakon.kz
Жыл басынан бері Астанада есірткі қылмысына қатысты 900-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Күдіктілерден 420 келідей есірткі заты тәркіленген.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында студенттермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қатысушыларға бейнеролик көрсетіліп, есірткіні сақтағаны, таратқаны немесе тұтынуға итермелегені үшін Қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертілді, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ, жастарды күмәнді сілтемелерге кірмеуге, заңсыз табыс көздерінен аулақ болуға шақырды. Айта кетейік, биыл елорда әкімдігі мүделлі органдармен бірлесіп есірткіге қарсы 700-ге таяу іс-шара өткізген.

Ішкі істер министрі 2025 жылды "Қылмыстың алдын алу жылы" деп жариялады. Осыған байланысты алдын алу және түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүгізіп жатырмыз. Бізге медиа тұлғалар, актерлер мен спортшылар да көмектесіп жүр. Мақсатымыз – салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың құқықтың сауатын жетілдіру. Дамир Байбазаров, қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді