Алматыда асбөлмесінде тарақан өріп жүрген балабақшаға қатысты тексеріс басталды

Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде Алматы білім басқармасына қарасты "№ 29 бөбекжай-балабақшада" тарақандар жүргені туралы видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнежазба авторы балабақша асханасында тарақандардың өріп жүргенін түсіріп алған.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, видеоны шамамен 2025 жылғы қыркүйек айында "Батыр KZ" күзет ұйымының қызметкері түсірген.

Ведомствоның хабарлауынша, балабақша мен "Өндірістік кооператив" ЖШС арасында жасалған келісімшарт аясында ғимаратта дезинфекция және дератизация жұмыстары тоқсан сайын жүргізіліп отырады.

Сондай-ақ балабақша маңында орналасқан қоқыс жәшіктері жәндіктердің пайда болуына және таралуына себеп болуы мүмкін.

"Қазір Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ал Алматы білім басқармасы № 29 балабақшаның қызметіне жан-жақты мониторинг жүргізеді", - делінген хабарламада.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанға циклон жақындап келеді: 26 қарашада қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды