"Бұрын кәріз де, асфальт та жоқ еді" – Алматыда тұрғындар төрт жыл күткен жол жөнделді

«Бұрын кәріз де, асфальт та жоқ еді» – Алматыда тұрғындар төрт жыл күткен жол жөнделді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 14:06 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Жетісу ауданындағы М. Беспақов көшесінде жол мен инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары аяқталды. Биыл маусымда көше тұрғындары қала әкімінің жеке қабылдауында осы мәселені көтерген еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төрт жыл бойы көшедегі жолдың нашарлығы мен кәріз жүйесіндегі ақаулар ондаған отбасыға қолайсыздық туғызған. Қабылдаудан кейін қала әкімі жауапты қызметтерге инженерлік желілерді қалпына келтіріп, жолды жөндеуді тапсырды.

Мердігер "ЭлектроРемонт" ЖШС-мен арадағы сот дауы жобаны іске асыруды қиындатқан. Сот бұл серіктестікті мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп таныған. Демеушілердің қаржысы есебінен жұмысты жеделдету мүмкін болды.

Көшеде магистральдық кәріз желісінің 345 метрі қайта төселіп, қосымша үш кәріз құдығы орнатылды. Сондай-ақ 30-ға жуық тұрғын үйге кәріз желісі тартылды. Инженерлік жұмыстар аяқталған соң, жолға орташа жөндеу жүргізіліп, асфальт жабыны толық қалпына келтірілді.

"Қанша жыл күттік, ақыры жолымыз жөнделді. Бұрын кәріз де, асфальт та жоқ еді. Қазір көшемізге қарасақ, көңіліміз көтеріліп қалады. Өтінішімізді ескеріп, бәрін жасап бергеніне қуаныштымыз", – деді көше тұрғындары.

Қазір көшеде жоспарланған жұмыстардың барлығы аяқталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: