Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Жандосов көшесі мен Құлжа тас жолы межелі мерзімде жөнделді

Алматыда қала көшелері мен жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жалғасып келеді. Қазір 95 көше жөнделіп, тағы 100-ден астам көшеге жұмыстар жүргізілуде. , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2024 14:05 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қала көшелері мен жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жалғасып келеді. Қазір 95 көше жөнделіп, тағы 100-ден астам көшеге жұмыстар жүргізілуде.

Биыл 250 шақырым болатын 274 көше орташа жөндеуден өтті. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесін 92%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Мысалы, өткен демалыс күндері үш магистральды көшенің бір бөлігі мерзімінде жөнделіп, көлік қозғалысы толық ашылды.

Бұл Рысқұлов көшесімен қиылысатын жолайырықтан Халиуллин көшесімен қиылысатын жолайырыққа дейінгі Құлжа тас жолының бөлігі. Тағы бір көше – Райымбек даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі Тұрғыт Өзал көшесінің бөлігі. Сондай-ақ, Жандосов көшесінің Яссауи көшесінен Саин көшесіне дейінгі учаскесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, 20 магистральды көшенің жөндеу жұмыстарында жол төсемінің беріктігін арттыруға бағытталған полимерасфальтбетон қолданылды. Жол таңбалары материалдарын өндіруші зауыттың талабына сәйкес, жөнделген учаскелерге жол таңбасы 15-20 күннен кейін сызылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: