"Ең әдемі резиденция бізде" – таң шапағына бөленген Астананың видеосы жұртты сүйсінтті
Сурет: Instagram/ptrk.kz
Бүгін, 2026 жылғы 26 қарашада, әлеуметтік желілерде Астананың таңғы көрінісі түсірілген видео тарады. Күннің алғашқы сәулесіне бөленген елорданың көркі желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеоны ҚР Президентінің телерадиокешені жариялады.
"TRK Lab тобы елорданың ерекше бір сәтін – қала әлі оянбай, жаңа күн енді басталған шақты таспаға түсірді. Президенттің жұмыс резиденциясы таңның алтын шуағына бөленген. Күннің алғашқы сәулесі Ақорданың еңселі қасбеті мен зәулім сүмбісіне, күміс қырау басқан саябаққа түсіп тұр", – делінген жазбада.
Пікір қалдырған қазақстандықтар Ақорданы ең әдемі резиденция деп атады. Көпшілігі таңданысын көздері жүрекше пішінді күлімдеген эмодзилермен білдірген.
"Мәссаған!", "Неткен әдемі!", "Сүйікті Астанам!", "Ең әдемі резиденция бізде", – деп жазды желі қолданушылары.
2026 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақорда еліміздің барлық өңірінен келген 100 оқушыға есігін айқара ашқан еді. Оқушыларға Президент резиденциясы таныстырылып, экскурсия өткізілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript