Тоқаев америкалық сенаторды "Достық" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық сенатор Стив Дэйнсті қабылдады. Республикалық партиядан сайланған сенатормен кездесуде қазақ-америка қатынастарын нығайтуға парламенттік дипломатияның қосқан үлесі талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы АҚШ сенаторының Қазақстанға шынайы тілектес екенін атап өтіп, Республика күніне орай Конгрестің ресми мәлімдеме жасағаны үшін ризашылық білдірді. Бұл – елдеріміз арасындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктестіктің дәлелі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Стив Дэйнс екіжақты күн тәртібінің басым бағыттары жөнінде пікір алмасып, қос халықтың игілігі үшін Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының стратегиялық серіктестігін нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.

Кездесу соңында Президент Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін сенатор Стив Дэйнсті І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстан Президенті Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі