Оның айтуынша, көтерме бағаның кезең-кезеңімен өсуіне қарамастан, Қазақстан халқы үшін газ бағасы әлем бойынша ең төмен деңгейде қалып отыр.
"Бағаның соңғы 33%-дық түзетуден кейін де ішкі нарықтағы жыл сайынғы субсидия көлемі 200 миллиард теңге деңгейінде сақталуда", – деді Жамауов.
Спикердің сөзінше, соңғы жылдары газ бағасының өсу қарқыны әлеуметтік маңызы бар басқа тауарлармен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
Сонымен қатар, қазақстандықтардың коммуналдық шығындарындағы газдың үлесі соңғы он жылда 6,4%-дан 5,2%-ға дейін төмендеген.
"Газ жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және инфрақұрылымды дамыту үшін көтерме бағаны біртіндеп өзіндік құн деңгейіне дейін жеткізу қажет. Бұл елдің энергия қауіпсіздігін нығайтып, барлық өңірлерді сенімді газбен қамтуға мүмкіндік береді", – деді Әлібек Жамауов.
Еске сала кетсек, 2025 жылғы 8 қыркүйекте "QazaqGaz" басшысы Әлібек Жамауов ел көліктерін сығылған газға (CNG) кезең-кезеңімен көшіру жоспарымен бөліскен болатын.