"Күн жылынып, қайта қар жауады". Алматы бойынша бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК Zakon.kz сайтына алдағы күндерге арналған ауа райының алдын-ала болжамын ұсынды. Синоптиктердің айтуынша, келесі аптада мегаполисте күн біртіндеп жылынады деп күтіледі. Бірақ жауын-шашынды болмайды деуге негіз жоқ.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Кісебаевтың айтуынша, демалыс күндері оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын жайма-шуақ ауа райы күтеді,яғни жауын-шашынсыз. Түнгі ауа температурасы 0 градусты көрсетеді, ал күндіз сынап бағаны +8...+10 градусқа дейін көтеріледі.

"Келесі аптаның басында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз +10...+12°C-ге дейін көтеріледі. Тек аптаның соңында ауа райы нашарлап, 13 қарашада күндіз жаңбыр жауады, ал 14 қарашада түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады". Синоптик Дәулет Кісебаев

Алматы қаласы бойынша 8-14 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бұған дейін "Қазгидромет" бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы болатынын ескерткен болатын.

Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады