Алматыда Тлендиев көшесін ашу және "Көкжайлау" тау шаңғысы кешеніне жол салу үшін 94 жер учаскесі алынбақ

Фото: Zakon.kz
Алматы әкімдігі 2025 жылғы 10 қарашада мемлекеттік қажеттіліктерге байланысты жер учаскелерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті мәжбүрлі тәркілеуді бастау туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алатау ауданы, Рысқұлов проспектінен қаланың шекарасына дейінгі аумақта, Тлендиев көшесін ашу үшін 81 жер учаскесін немесе басқа жылжымайтын мүлікті мемлекеттік қажеттіліктерге алу мақсатында мәжбүрлі тәркілеуді бастау", – делінген құжатта.

Сонымен қатар, әкімдіктің 2025 жылғы 10 қарашадағы тағы бір қаулысында былай делінген:

"Бостандық және Медеу аудандарында "Көкжайлау" тау шаңғысы кешеніне жол салу үшін 13 жер учаскесін немесе басқа жылжымайтын мүлікті мемлекеттік қажеттіліктерге алу мақсатында мәжбүрлі тәркілеуді бастау".

Аталған учаскелер Көкшоқы ықшам ауданында орналасқан.

Екі жағдайда да мәжбүрлі тәркілеу мерзімі – 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының "Қала жер орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жер иелерін заңда белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.

Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы:

Бұған дейін Медеу ауданында мемлекеттік қажеттіліктерге жер учаскелері алынатыны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды