Алматыда әлеуметтік желіде жарылыс жасаймын деп қорқытқан ер адам ұсталды

Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желідегі діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жарияланым астына белгісіз қолданушы жарылыс жасау туралы қорқыту сипатындағы пікір қалдырған.

Аталған дерек бойынша "102" пультіне хабарлама түсіп, Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы жедел шара қолданды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде пікір авторының жеке басы анықталды. Ол — 21 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

"Интернетке жазылған болса да, кез келген қорқыту полиция тарапынан қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатер ретінде қаралады. Мұндай "әзілдердің" салдары ауыр болуы мүмкін. Әрбір хабарлама мұқият тексеріліп, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады", – деді Алматы қаласы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Алматы полициясы азаматтарды әлеуметтік желілерді қолдануда жауапкершілік танытуға, қорқыту немесе құқыққа қайшы мазмұндағы ақпараттарды жарияламауға және таратпауға шақырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады