Астана әкімдігі марқұм болған фельдшердің отбасына материалдық көмек көрсетеді

Сурет: Instagram/rustemova_aliya
Елорда әкімдігі қызмет бабында ауыр жарақат алып, қаза тапқан Астана қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Мырзуан Ұлдана Қалдарханқызының отбасына материалдық көмек көрсететін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, көңіл айтты.

"Марқұмның отбасына материалдық көмекпен қатар, жан-жақты қолдау көрсету, сондай-ақ жерлеу рәсімімен байланысты шығындарды жабу жоспарланып отыр. Сондай-ақ белгіленген тәртіппен сақтандыру төлемі қарастырылатын болады", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2025 жылы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып, үйінді астында қалған адамдарды құтқару кезінде қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы фельдшерінің басына кондиционер қондырғысы құлаған. Ол ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген. 12 қарашада денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов фельдшердің жағдайы ауыр күйінде қалып отырғанын айтқан. Ал бүгін, 18 қарашада 23 жастағы жас келіншектің қайтыс болғаны белгілі болды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты. Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін