Жұманғарин жеке секторға үкіметтің әсер ете алмайтынын атап өтті.
"Ашық айтсам, тоғыз айдың қорытындысы бойынша номиналды жалақы өсімі 10%-ды құрады. Нақты өсім – теріс, сіз білесіз, бұл ең алдымен инфляцияның өсуімен байланысты. Бірақ жыл әлі аяқталған жоқ. Халық табысы туралы айтқанда, бұл тек жалақы емес. Жақсы білесіздер, жылдың соңында 13-ші жалақылар беріледі. Бұл әрине, ұжымға бонус беретін жетекшінің шешіміне, қосымша төлемдерге байланысты", – деді Жұманғарин.
Оның сөзінше, жеке бизнес жалақы деңгейін белсенді түрде көтеріп келеді.
"Қазіргі таңда орташа жалақы – 429 мың теңге. Сіз білесіздер, бұл 10 пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Бұл тұрақты жұмыс. Біздің мақсат – инфляция халықтың табысын жеуіне жол бермеу. Ал халықтың нақты табысын 2-3 пайызға арттырамыз дегенде, бұл дегеніміз – инфляция плюс 2-3%, яғни номиналды өсім болуы керек", – деп қосты Жұманғарин.
Қазақстандықтардың орташа табысы туралы толық ақпаратты материалдан оқи аласыздар.