Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев жол инфрақұрылымын дамыту барысы туралы баяндама жасады.

Қазір ауданда 86,4 шақырым болатын жол орташа жөндеуден өтіп жатыр. Ол жұмыс Шаңырақ-1, Шаңырақ-2, "14-территория", Ақбулак, Алғабас, Зерделі, "АЗТМ", Боралдай, Байбесік, Шапағат, Өжет, "Птицевод", Қарасу, Саялы-1, Саялы-2, Көкқайнар, Самғау, Төлебай сияқты 18 шағынауданды қамтыған.

Жөндеу жұмысы тамыз айында басталып, 172 көшені қамтыды.

Сонымен қатар, ауданда Боралдай және Рахат–Мәдениет шағынаудандарында Алматы қалалық мобильділік басқармасының тапсырысымен жаңа жол да салып жатыр. Тағы 45 көшеде шұңқырлар бітеліп, тегістеліп, 50 мың шаршы метр жол жабыны жаңартылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау мерзімі жарияланды: 140 мың грант бөлінген

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады