Алматыда интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған арнайы құрал-жабдық анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласы ПД, ҚР ІІМ КҚД, қалалық прокуратураның үйлестіруімен, сондай-ақ ҰҚК аумақтық бөлімшесі және байланыс операторымен өзара ықпалдастықта интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған "Sim-box" типтес арнайы құрал-жабдықты анықтап, тәркіледі.

Жедел іс-шаралар барысында заңсыз трафик ұйымдастырған екі жас азамат ұсталды.

"Біз телекоммуникациялық жабдықты пайдалана отырып жасалатын қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудамыз. Басты міндетіміз – заңсыз трафик арналарына дер кезінде тосқауыл қою, киберқылмыскерлердің әрекетіне бөгет жасау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Серіктес құрылымдармен өзара іс-қимыл мұндай қауіптерді тиімді анықтауға және бейтараптандыруға мүмкіндік береді, – деді Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Құқыққа қайшы әрекеттің барлық жай-жапсарын және оған қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті кибералаяқтық – ең кең таралған қылмыс түрлерінің бірі екенін еске салады және оны төтенше негізде тоқтату жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын хабарлайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз