Алматыда полицейлер ірі көлемде тыйым салынған темекі өнімдерін тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласы криминалдық полициясының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде электрондық темекі құрылғылары мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен байланысты ірі құқық бұзушылық анықталды.

Жедел іс-шаралардың қорытындысы бойынша заңсыз айналымнан 17 мыңнан астам электрондық құрылғы және 13 мыңнан жоғары темекі өнімдерінің қорабы тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген барлық өнім процессуалдық тәртіппен іске тіркелді.

Біз темекі өнімдерінің, әсіресе жасөспірімдер мен жастар үшін қауіп төндіретін түрлерінің заңсыз саудасын жүйелі түрде тоқтатып келеміз. Профилактика жылы аясында және "Заң мен тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, Алматы полициясы бұл бағытта принципті түрде жұмыс жүргізуде. Темекі бұйымдарының кез келген заңсыз айналымы анықталып, міндетті түрде жолы кесіледі, – деп атап өтті Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты