"Мынау, Марс қой!". Шетелдіктің Қазақстанда түсірген суреттері желідегілерді шулатты

Сурет: Instagram/maxrivephotography
Нидерланд фотографы Макс Райв Маңғыстау облысының туристік нүктелерінде болып, шетелдіктерге "керемет шөлдер" мен "сюрреалистік жартас түзілімдерін" көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фотограф Қазақстанға үш жазба арнады. Алдымен ол өзінің туры туралы әңгілемейді, содан кейін Бозжыра шатқалы туралы көзқарасын білдіреді.

"Қазақстанда керемет шөлдер, сюрреалистік жартас түзілімдері және фото түсірілімі үшін шексіз мүмкіндіктерді ұсынатын миға сиғысыз табиғи өрнектер бар. Келесі жылдың қыркүйегін жіберіп алмаңыздар, фотограф Мэдисон Маккардл мен өздеріңізге қызмет қылушының басшылығымен тағы да тамаша саяхаттың куәсі боласыздар", - дейді Райв.

Содан кейін ол "Қазақстанда ұясына батқан Күннің тамаша көрінісін" көрсетті.

Сурет: Instagram/maxrivephotography

Соңғы жазбаға қоса ұсынылған сурет желі қолданушыларын қатты таң қалдырып, бәрін шулатып жіберді.

"Қазақстанның сюрреалистік пейзаждары. Бұл керемет аймақ теңіз деңгейінен 70 м/230 фут төменде орналасқан", деп жазды сурет астына фотограф.

Шетелдіктер пікір қалдыра отырып, бұл суреттің Марстағы кескіндерге ұқсайтынын айтқан:

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі