"Бұған дейін де қол көтерген": жүкті әйел күйеуін жазалауды сұрады

Беременность, живот беременной, беременная, беременные, рождаемость , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 12:31 Фото: pexels
Атырау облысында 32 жастағы Ақбөбек Оразбаева күйеуінің өзіне қол көтергені үшін жазалануын талап етіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, қазір әйел Индер аудандық ауруханасында жатыр. Оның айтуынша, күйеуі бұған дейін де қол көтерген, алайда ол оны кешіріп келген. Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар.

Әйел полицияға арыз жазған. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді. Ал дәрігерлер әйелге тыныштық сақтау керектігін ескерткен.

"Ауруханаға түскен кезде оның басы мен жақ тұсында көптеген жарақат болды, сол аяғында көгерген іздер бар. Сондай-ақ ішінің ауырғанына шағымданды. Қазір хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты", – деді Индер аудандық ауруханасының хирургі Асланбек Ермұханов журналистерге.

Бұған дейін көпбалалы әйел Қостанай әкіміне қарсы сотта жеңіске жеткені туралы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: