Балқашта туристік-рекреациялық аймақ 2026 жылға қарай салынады

Сурет: flickr/NASA
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында еліміздің кейбір курорттық аймақтарындағы туристік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола, Қарағанды және Жетісу облысының курорттық аймақтарында орталықтандырылған сумен жабдықтау, су бұру және кәріз-тазарту құрылыстары жоқ.

"Осы мәселені шешу үшін Қарағанды облысында құны 3,2 млрд теңге Балқаш қ. – Тораңғылық кентінің топтық магистральдық су құбырының құрылысы жүргізілуде (іске асыру мерзімі 2025 – 2027 жж). Ағымдағы жылы жобаны іске асыруға РБ-дан 700 млн теңге бөлінді, Тораңғалық және Шұбартөбек кенттерінің таратушы су құбыры желілерін салу үшін жалпы құны 3,4 млрд теңге болатын су құбыры желілерін салу бойынша жобалар әзірленді",- делінген жауапта.

Үкімет басшысының сөзінше, бүгінде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

"Жетісу облысында жалпы құны 7,4 млрд теңгені құрайтын Балқаш көлінің жағалауындағы туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерліккоммуникациялық желісін салу бойынша (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау және КТҚ) жұмыстарды іске асыру жүргізілуде, оның ішінде ағымдағы жылға 4,8 млрд теңге бөлінді. Аяқталу мерзімі – 2026 жыл".Олжас Бектенов

Ал, Щучье-Бурабай курорттық аймағында Үкіметтің қаулысымен бекітілген 2025 – 2029 жылдарға арналған ЩБКА дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру бөлігінде жалпы сомасы 18 млрд теңгеге 14 жоба көзделген.

Бұған дейін Алакөлде қорғаныш бөгетін салуға бюджеттен 19 млрд теңге бөліну жоспарланып отырғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты