Алматыда киберполиция онлайн-алаяқтыққа қарсы күресте үздік деп танылды

Фото: pixabay
Алматы қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы "Кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ең сенімді серіктес" номинациясында бірінші орынды иеленді. Марапаттау "Орталық Азия Финтех" саммиті аясында өтті.

Аталған алаң дәстүрлі түрде өңірдегі цифрлық экономиканың дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жетекші сарапшылар мен ұйымдарды біріктіреді.

Қазылар алқасы алматылық киберполицияның киберқылмыстардың алдын алу, анықтау және ашудағы жүйелі жұмысының, сондай-ақ қаржы институттары, IT-компаниялар және қоғамдық ұйымдармен өзара тиімді әріптестігін жоғары бағалады.

Сарапшылар ақпарат алмасудың жеделдігі мен тиімділігін, аналитикалық қолдаудың сапасын, инциденттерге дер кезінде ден қоюды және азаматтарды заңсыз онлайн-транзакциялардан, фишингтен және интернет-алаяқтықтың өзге де түрлерінен қорғауға бағытталған кешенді шараларды ерекше атап өтті.

Бұл марапат – тек құрмет белгісі емес, сонымен бірге "Заң және тәртіп" қағидатының басым бағыттарына сай келе отырып, біздің таңдаған бағытымыздың дұрыстығын дәлелдейтін маңызды көрсеткіш. Цифрлық ортадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – стратегиялық міндет. Сондықтан біз қаржы ұйымдарымен, IT-секторымен және қоғаммен өзара іс-қимылды жүйелі түрде күшейтіп келеміз. Кибералаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеруде. Сол себепті біз алдын алу шараларын, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруды, жедел әрекет етуді және аналитикалық мүмкіндіктерді дамытуды басты назарда ұстаймыз.

Мақсатымыз – Алматы тұрғындарының цифрлық кеңістікте кез келген әрекетті қауіпсіз орындауына жағдай жасау. Саммит ұйымдастырушылары мен серіктестерге сенімі мен жоғары бағасы үшін алғыс айтамын. Бұл марапат біздің ұжым үшін азаматтардың қауіпсіздігін нығайту және киберқылмыстарға қарсы күресті одан әрі тиімді жүргізуге зор серпін береді, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж