Басқалар тығырыққа тірелгенде, шығар жол тапты: Бағдат Мусин әкесіне арнап әсерлі жазба жариялады

Сурет: Instagram/bagdatmussin
"Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин әкесін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құттықтау жазбасын өзінің желідегі парақшасында 27 қарашада жариялады.

"Әкем бүгін 67 жасқа толды. Ол әрқашан адам бір нәрсені өзі істей білуі керек екеніне сенді. Біреудің сен үшін шешім қабылдағанын күтпеу керек екенін айтты. Ол маған тырысып көруді, қателесуді және қайтадан аяққа тұруды үйретті. Қиындықта шегінбеуді, жетістікте тоқтамауды үйретті. Ешқашан мені басқан емес, дайын шешімдер қабылдап берген емес. Тек жол көрсетті...Таңдау еркіндігін берді, бірақ үнемі қасымда болды",- деп жазды Мусин.

Оның айтуынша, ең бастысы, әкесі оған қолымен де, басымен де жұмыс істеуді үйреткен. Және адал еңбекпен табыс табуды меңзеген.

"Әкемнің өзі көмір кенішіндегі электр слесарінен еліміздің түрлі қалаларындағы байланыс басшысына дейінгі жолдан өтті. Отыз жылын осы салаға арнады. Екібастұзда адамдардың телефондары айлап істемей тұрған кездері алғашқы цифрлық телефон станцияларын салған. Басқалар тығырыққа тірелдік деп ойлағанда, шығар жол тапты. Қазір мен мұның қаншалықты маңызды екенін түсінемін... Ата-аналар тек асырап қана қоймай, өз бетінше өмір сүруді де үйрету керек. Олар баланы ғана емес, өзіне-өзі сүйене алатын адамды өсірді. Осы үшін рахмет сізге, әке. Сабырлығыңыз үшін, қолдауыңыз үшін, маған деген сеніміңіз үшін", – деп қорытындылады Мусин.

Бұған дейін Қостанай облысының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,2 млрд теңге бөлінгенін жазғанбыз.

Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі