Зымыран ұшырылғаннан кейін Байқоңырда зақымданулар анықталды – "Роскосмос"

Фото: АО "ЦЭНКИ"
"Роскосмос" 27 қарашада Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) зымыран ұшырылғаннан кейін старт алаңында зақымданулар табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымның Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ғарыштық мақсаттағы зымыран штаттық режимде, ескертусіз ұшырылған. Кеме Халықаралық ғарыш станциясына сәтті түйісті. Экипаж бортта, жағдайы жақсы.

"Зымыран ұшырылғаннан кейін әдеттегідей старт алаңы тексерілді. Онда старт үстелінің бірқатар элементтерінің зақымданғаны анықталды. Ұшырылымнан кейін мұндай зақымданулар болуы мүмкін, сондықтан әлемдік тәжірибеде мұндай тексеру міндетті саналады. Қазір старт кешенінің жағдайы бағалануда", – делінген ақпаратта.

"Роскосмос" өкілдері жөндеу үшін барлық қажетті қосалқы бөлшектер бар екенін, ал зақымданулар жақын уақытта қалпына келтірілетінін атап өтті.

Бұған дейін Ұлытаудың далалы аймағында зымыранның темір сынықтары табылғанын жазғанбыз. Ол туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі табылған фрагменттер "Союз МС-28" зымыран-тасығышының бірінші сатысына қатысты болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның құлауы арнайы белгіленген аймаққа жоспарланған. Ведомство зымыранның ұшырылуы штаттық режимде өткенін және халыққа қауіп жоқ екенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді