Алматы іргесінде болған жол апатынан жеті адам қаза тапты: көлікте қазақстандық спортшылар отырған

Сурет: Zakon.kz
Туризм және спорт министрлігі Алматы – Бішкек тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болған отандық спортшылардың отбасына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, спортшылар Қырғыз Республикасындағы жарыстан елге қайтып келе жатқанда жол апатына ұшырап, бесеуі көз жұмды.

"Бұл – спорт қауымдастығы үшін орны толмас ауыр қайғы. Марқұм болған спортшылардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Жандары жәннатта, жатқан жерлері жайлы болсын", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы – Бішкек автожолының 129-шақырымында болған жантүршігерлік жол апаты салдарынан жеті адам қаза тапқанын хабарлаған едік. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі