Елімізде балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін

Фото: pexels
Елімізде 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрлігі заң жобаны қоғамдық талқылауға шығарды.

Нақтырақ айтқанда, кәмелетке толмағандар TikTok, Instagram сияқты желілер мен YouTube секілді онлайн платформалардан аккаунт аша алмайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Тек мессенджерді ғана пайдалана алады. Осылайша, балалар зиянды және заңсыз контенттен қорғалмақ. Заң жобасына қатысты тұрғындардың пікірін сұрап көрген едік, бірге тыңдайық.

Meta компаниясы жүздеген мың аккаунтты бұғаттады

Дәл осындай практиканы Австралия қолданып бастады. Ел билігі Американың Meta компаниясының Instagram, Facebook, Threads тәрізді әлеуметтік платформалардағы жасөспірімдердің аккаунттарын бұғаттауға кіріскен.

Елде балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заң 10 желтоқсанда күшіне енеді. Австралия үкіметі де бұл заңды өскелең ұрпақты зиянды контенттен қорғау үшін қабылдаған. Тыйымды ата-аналардың көбі қолдап отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді