+8°C-тен -14°C-қа дейін: Алматыда бір апта ішінде ауа райы күрт өзгереді

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК Zakon.kz-ке алдағы жеті күнге арналған алдын ала ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, 6-12 желтоқсан аралығында Алматы ылғалды күзден нағыз қарлы, аязды қысқа өтеді.

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кісебаевтың айтуынша, аптаның алғашқы күндері әлі де күзге тән ауа райы сақталады – жауын-шашынсыз, кейін аздаған жаңбыр жауады. Күндізгі температура +3…+8°C аралығында болады. Таңғы тұман қыс келгенін еске салғанымен, нақты суық ауа массалары кейін кіреді.

"Апта ортасына қарай ауа райы күрт өзгереді: жауын қарға ауысып, кей жерлерде қар күшейеді, көктайғақ қаупі артады. Жел біртіндеп солтүстікке ауысып, суықты әкеледі. Егер аптаның басында түнгі температура 0°C шамасында болса, кезең соңына қарай -12…-14°C-қа дейін төмендейді. Күндіз де едәуір салқындайды – алғашқы күндері аздап жылы болса, кейін -7…-9°C-қа дейін түседі", - деді Дәулет Кісебаев.

Алматы бойынша 6-12 желтоқсан 2025 жылға арналған ауа райы болжамы

6 желтоқсан:

Өзгермелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел батыстан шығысқа ауысады, 3-8 м/с.

Температура: түнде 0…+2°C, күндіз +6…+8°C.

7 желтоқсан:

Ауыспалы бұлттыл, күндіз жаңбыр. Жел шығыстан 3-8 м/с соғады.

Температура: түнде 0…-2°C, күндіз +6…+8°C.

8 желтоқсан:

Ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с.

Температура: түнде 0…-2°C, күндіз +3…+5°C.

9 желтоқсан:

Ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с.

Температура: түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C.

10 желтоқсан:

Бұлтты, қар, кей жерде қатты қар, көктайғақ. Жел солтүстік бағыттардан 3-8 м/с.

Температура: түнде және күндіз -7…-9°C, күннің екінші жартысында одан әрі төмендейді.

11 желтоқсан:

Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с.

Температура: түнде -12…-14°C, күндіз -1…-3°C.

12 желтоқсан:

Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с.

Температура: түнде -10…-12°C, күндіз +3…+5°C.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты