"Медеуде" жаңа SUN-DECK демалыс аймағы құрылады

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала басшысы жаңғырту кезінде мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталатынын атап өтті.

"Жоба энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуді көздейді: жаңа тоңазытқыш жабдығы орнатылып, инженерлік желілер жаңартылады. Шығыс қанаттағы қонақ үй жөнделеді, ал батыс трибунада кофеханалары бар терраса мен демалыс аймағы жасалады". Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кешен алдында SUN-DECK демалыс аймағын құру көзделген. Іргелес аумаққа жүргіншілер бағыттары, шолу алаңдары, көгалдандыру және сәулеттік жарықтандыру қосылады. Мүгедекті бар жандар үшін екі жеделсаты орнатылады.

Алматы әкімдігі бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отырғанын хабарлады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі