Алматыда тыйым салынған өсімдіктер өсірілген пәтер анықталды

Фото: Zakon.kz
Әуезов ауданында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көпқабатты тұрғын үй кешенін аралау барысында полиция қызметкерлері зертханаға айналдырылған пәтерді анықтады.

Пәтер ішінде өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер табылды. Оқиға орнында қажетті бастапқы процессуалдық шаралар жүргізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп, заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар тұлғалар мен мән-жайлар анықталуда.

"Учаске" іс-шарасының мақсаты тек халықпен байланысты нығайту емес, тұрғын үйлердің өзінде жасырын түрде орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтарды анықтау. Бұл жағдай жүйелі жұмыстың нақты нәтижесін көрсетеді. Есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет – қоғам үшін қауіп, сондықтан заң аясында ең қатаң шаралар қабылдауды жалғастырамыз. Аудан тұрғындарын күмәнді жайттарды дер кезінде хабарлап, үйлеріміз бен ауламыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етуге шақырамыз, – деп атап өтті Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ