Алматыда полиция пиротехника саудасын тексерді

Сурет: pixabay
Қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы профилактикалық жұмыстар аясында полиция қызметкерлері ТЖД өкілдерімен бірлесіп, пиротехникалық өнімдер сатылатын негізгі орындардың бірін тексерістен өткізді.

Рейд барысында пиротехниканы сақтау және сату қағидаларының бұзылғаны анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Біз мұндай тексерістерді жүйелі түрде жүргізіп келеміз. Мақсатымыз – қауіп-қатерге жол бермеу. Әрбір сатушы пиротехниканы сақтау мен өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Полиция заңсыз саудаға тосқауыл қою және құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастырады. Сонымен қатар пиротехниканы заңсыз сатуға жол берілмейтінін ескертеміз және азаматтарды мерекелік бұйымдарды пайдалану кезінде барынша сақ болуға шақырамыз, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Алиментті кім және не үшін төлеуі тиіс?

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды