Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 700-ге жуық Иран компаниясы бар екенін мәлімдеді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Иран президентімен бірлескен мәлімдеме жасап, онда өткен 10 айда Иранмен сауда-саттық көлемі былтырмен салыстырғанда 40 пайызға артқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент екі елдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, осы сапардың нәтижесінде өзара байланыс жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

"Біз бүгін шағын және кеңейтілген құрамда нәтижелі келіссөздер өткіздік. Өзара ықпалдастыққа тың серпін беретін басым бағыттарды талқыладық. Қос тарап маңызды үкіметаралық құжаттарға қол қойды. Иран – Қазақстанның сауда-экономика саласындағы өте маңызды серіктесі. Осы орайда өзара тауар айналымын ұлғайту мәселесіне баса назар аудардық. Өткен 10 айдағы сауда-саттық көлемі былтырмен салыстырғанда 40 пайызға артты. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті арттыра түсуге келістік. Бұған әлеуетіміз толық жетеді". Президент

Оның айтуынша, инвестиция – ұзақ мерзімге арналған серіктестік кепілі.

"Қазақстанда 700-ге жуық Иран компаниясы бар. Бұл компаниялар негізінен өнеркәсіп, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейді. Қазақстанның іскерлік қауымдастығы да Иран экономикасына инвестиция салуда. Кәсіпкерлеріміз тау-кен, көлік-логистика, азық-түлік өндірісіне қатысты түрлі жобаны жүзеге асырып жатыр. Біз сенімді серіктес ретінде шетелдік инвесторларды қолдауға, оларға қолайлы жағдай жасауға әрқашан дайынбыз. Осы ретте Иран компанияларын ұзақ мерзімге арналған ірі жобаларға атсалысуға шақырамын", – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін мемлекет басшысының қазақ-парсы тарихына қатысты ортақ деректерге тоқталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев