Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов пен Президент Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығымен құттықтады.

Мемлекет басшысы Түрікменстанның саяси ұстанымы тұтас Еуразия құрлығының тұрақтылығы мен орнықты дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Аталған форумда көтерілген бастамалар ХХІ ғасырдағы бейтараптықтың мән-маңызына жаңаша көзқарас қалыптастырады.

Қазақстан Президенті Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымы түрікмен халқының сан ғасырлық мәдени дәстүрімен және рухани құндылықтарымен үйлесетінін айтты.

– Түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаушы, Шығыстың көрнекті ойшылы Мақтымқұлы Пырағы: "Тыныштық болса ел өседі, әділдік болса сенім күшейеді" деген. Ұлы данышпанның дүниені терең таныған идеялары қазіргідей алмағайып халықаралық жағдайда да өте өзекті бола түскені сөзсіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Түрікменстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Заң мен Тәртіп: Әділ қоғам негізі – қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

"Челси" Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты жоспарын жариялады

Павлодарда баласын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды