Алматыда әлеуметтік желіде тыйым салынған жарнаманы таратқан әйел ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматы қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет кеңістігінде тыйым салынған ресурстың жарнамасын таратқан әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Желіде заңмен тыйым салынған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқық бұзушылық. Біздің міндетіміз мұндай әрекеттерді ерте кезеңде анықтап, жолын кесу және азаматтарға келуі мүмкін кез келген қауіптің алдын алу. Полиция интернет кеңістігіндегі тәртіпті бақылау бойынша жұмысты жалғастыруда және тұрғындарды күмән тудыратын парақшалар мен мазмұн туралы дереу хабарлауға шақырады", - деді Алматы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда көліктерден жүйелі түрде ұрлық жасаған күдікті ұсталғанын хабарлаған едік.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған