Жетісу облысының әкімі неге әлі күнге дейін резиденцияда тұрып жатқанын түсіндірді

Сурет: Орталық коммуникациялар қызметі
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 2025 жылғы 12 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдегі резиденцияның тағдырына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері президенттің өңірлердегі резиденцияларды балалардың игілігіне тапсыру жөніндегі тапсырмасын еске салып, әкімнің бұл шешімді орындаған-орындамағанын сұрады.

"Біріншіден, бұл менің резиденциям емес. Оның мемлекеттік мәртебесі бар. Бізге шетелдік қонақтар, ресми қорғалатын тұлғалар, басшылар келеді. Мен ол жерде басшылықтың рұқсатымен тұрамын. Бірақ жалдау ақысын да, барлық коммуналдық төлемді де өз қалтамнан төлеймін. Тұрып келе жатқан алғашқы күндерден бастап барлық түбіртек өзімде", - деп жауап берді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол резиденцияның әкімдік балансында тұрғанын айтты.

Ол журналистердің аумақ көлемі, ғимараттар саны және қызметкерлер жайлы сұрақтарына жауап бере алмады, себебі бұл мәліметтер есінде жоқ екенін айтты. Алайда резиденцияда жылқы қорасының бар-жоғы туралы сауалға Бейбіт Исабаев үн қатты. Оны өзі алдыртып тастағанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 2025 жылғы 12 желтоқсанда ОКҚ брифингінде 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс туралы айтқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды