Алматыда Қала күніне орай Ашық есік күні өтеді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала емханаларында кардиолог, невролог, офтальмолог және басқа да мамандар қабылдайды. Келушілер артериялық және көзішілік қысымын, қандағы қант пен холестерин деңгейін тексертіп, профилактикалық медициналық тексеруден өте алады.
Орталық қалалық клиникалық аурухананың мамандары "Жансая" дағдарыс орталығына барып, әйелдерге кеңес беріп, профилактикалық тексеру жүргізеді. Терапевт, невролог, офтальмолог, гинеколог, эндокринолог және басқа да мамандар қабылдайды.
Сонымен қатар Орталық қалалық клиникалық аурухананың мамандары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан әйелдерге арналған баспанаға барып, онда да медициналық кеңес беріп, профилактикалық тексеру ұйымдастырады.
№20 қалалық емхана ерекше қажеттілігі бар балаларды үйіне барып тексереді. Сапар барысында мамандар балалардың денсаулығы бағаланып, қажетті ұсынымдар беріледі. Сондай-ақ, балаларға шағын сыйлықтар табысталады.
Алматы ревматология орталығында тұрғындар ревматолог дәрігерлерден кеңес ала алады. Фтизиопульмонология орталығында фтизиатрлар, пульмонологтар және фтизиопедиатрлар қабылдау жүргізеді.
Профилактикалық іс-шаралар қаланың мына алаңдарында да өтеді:
- MEGA Alma-Ata, Розыбакиев көшесі, 247А
- Atakent Mall, Тимирязев көшесі, 42
- Forum Almaty, Сейфуллин даңғылы, 617
Мұнда медицина қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тұрғындарды тексереді.
Ашық есік күні туралы ақпаратты медициналық ұйымдар өзінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында жариялайды.