Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты Алматы тұрғындарына тағы ескерту жасады

Сурет: unsplash
Синоптиктер бүгін, 2025 жылы 14 желтоқсанда Алматы қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 14 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қалаcында күтіледі", делінген "Қазгидромет" РМК-ның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мұндай кезде қала тұрғындары, әсіресе тас жолдар немесе басқа да ластану көздерінің маңында, ашық ауада жүретін уақытты азайтқаны жөн. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауаға шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді бірге ала жүруі тиіс.

Бұған дейін Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын. Оған сәйкес, қалада қайта қар жауып, күн суытатыны болжанады.

 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Қазақстан полициясы дрондарды басқаруға үйрететін арнайы зертхана ашты

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Түркияда жасырынып жүрген интернет-алаяқ Қазақстанға қайтарылды

Алматыда демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеге келушілер саны артып келеді