Автожолдардағы "қақпан": ІІМ мәлімет таратты

Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
ҚР Ішкі істер министрлігі соңғы уақытта желіде жиі тарап жүрген автожолдағы "қақпан" туралы толыққанды ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ бұл мәліметтердің жалған екенін мәлімдеді.

"Желіде жол бойында ішінде жалған нәресте бар автоорындықтардың тұрғанын, мұның көлікті тоқтату үшін құрастырылған айла екені айтылған, сондай-ақ, тоқтаған жағдайда бәзбіреулердің жұмыртқа лақтыратындығы жайлы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді",- делінген ведомство мәліметінде.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желі қолданушыларына бұқаралық ақпарат құралдары немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы әдейі жалған ақпарат таратудың заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

"Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге кеңес береміз", – деп қорытындылады ведомство.

Бқған дейін Алматыда "үйленемін" деп сендірген алаяқ үш қыз бен бір ер адамды алдап кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Ғимараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру ережелері жаңартылды