Алматының Алмалы ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Алматының Алмалы ауданында жол қозғалысының жаңа схемасы пилоттық режимде іске қосылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2026 10:14 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Алмалы ауданында жол қозғалысының жаңа схемасы пилоттық режимде іске қосылады.

25 маусымнан бастап Алматының Алмалы ауданындағы бірнеше көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.

Жаңа схемаға сәйкес:

  • Прокофьев көшесінде Абай даңғылынан Кіші Абай көшесіне дейінгі аралықта – солтүстік бағытта;
  • Кіші Абай көшесінде Прокофьев көшесінен Брусиловский көшесіне дейінгі аралықта – шығыс бағытта;
  • Түркебаев көшесінде Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта – солтүстік бағытта біржақты қозғалыс ұйымдастырылады.

Бұл өзгерістер көшеде көліктің көптеп жүру қабілетін арттыруға, көлік жүктемесін азайтуға және жолдағы қауіпті жағдайдың алдын алуға бағытталған.

Шешім көлік легіне жүргізілген талдау мен аудан тұрғындарының өтініші негізінде қабылданды. Мамандардың айтуынша, жаңа схема көлік қозғалысын реттеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба пилоттық режимде жүзеге асырылады. Оның тиімділігіне жүргізілетін мониторинг қорытындысы бойынша жол қозғалысын одан әрі ұйымдастыруға қатысты қосымша шешімдер қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін Медеу ауданында Достық даңғылының Гоголь көшесінен Жібек жолы даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта және Зенков көшесінің Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі бөлігінде оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс енгізілген болатын. Сондай-ақ, Әуезов ауданындағы Атамекен көшесінің (Атамекен шағынауданы) №103 үйден №108 үйге дейінгі бөлігінде де оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс ұйымдастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: