Алматының Алмалы ауданындағы аулалар жаңарып жатыр

Детская площадка, детские площадки, двор, игровая площадка, игровые площадки, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 09:54 Фото: Zakon.kz
Алмалы ауданында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Жуырда Шевченко көшесі, 157 мекенжайындағы аулада жөндеу жұмыстары аяқталды. Жобаны осы аулада тұратын белсенді тұрғын Сабир ұсынған. Оның бастамасы көршілерді біріктіріп, бір адамның идеясы бүкіл кеңістіктің келбетін өзгерте алатынын көрсетті.

Бүгінде аула тұрғындарды жаңа асфальт төсемімен, балаларға арналған ойын алаңдарымен, заманауи воркаут құралдарымен және бүлдіршіндерге арналған кедергілер жолағымен қуантуда. Ерекше назар аударарлық нысан – ұзындығы он метрлік сәндік пергола. Сондай-ақ, аула жаңа жарық шамдарымен, орындықтарымен және гүлдерге арналған қоршауларымен көркейіп, тұрғындар үшін әрі әсем, әрі қауіпсіз ортаға айналды.

Енді бұл аула – үйлердің арасындағы бос кеңістік қана емес, балалар ойнайтын, ересектер тынығатын, көршілер бас қосатын жайлы орта.

Жалпы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында 45 жобаның 36-сы жүзеге асырылды, қалған 9 жоба орындалу үстінде. Оның ішінде 23 жоба аулаларды абаттандыруға бағытталған. Бұған қоса, ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында тағы 33 аула жаңартылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: