"Лукойл" активтерін сату: Энергетика министрлігі жаңа мәлімдеме жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы 15 желтоқсанда өткен брифингте "Лукойл" активтерін сату туралы шешім қабылдау мерзімі қаңтардың ортасына дейін ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер қараша айында "Лукойл" активтерін желтоқсанның ортасына дейін сату мүмкіндігі туралы шешім қабылдау жоспарлары туралы хабарланғанын еске салып, келіссөздердің қай кезеңде екенін, сондай-ақ әлеуетті сатып алушылар жайлы сұрады.

Ол бұл мерзімді 13 желтоқсанда АҚШ Қаржы министрлігі белгілегенін атап өтті.

"Бүгінгі күні мерзім қаңтардың ортасына дейін ұзартылды, сондықтан біз бәріміз осы мерзімдердің аяқталуын және одан әрі әрекет етуді асыға күтеміз. Үкімет бұл активтерді сатып алу бойынша ешқандай келіссөздер жүргізбейді. Мен әлемде көптеген компаниялар қызығушылық танытып отырғанын білемін. Күтейік. Бірақ Қазақстан Республикасының Жер қойнауы жайлы кодексіне сәйкес басым құқығы бар екенін еске салғым келеді және болашақта біз оны пайдаланамыз ба, жоқ па, кейін шешеміз", – деді Ақкенженов.

Бұған дейін Алматыда желілерді салу кезінде ереже бұзған мердігерлік компаниялар лицензиясынан айырылғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды