Қостанайда қар құрсауында қалып қойған үш адам құтқарылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қостанай облысының Қарасу ауданында қар құрсауында қалған үш азаматқа құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар оқиға орнына жол талғамайтын "Трэкол" көлігімен жедел келіп, жеңіл автокөліктен үш жолаушыны құтқарды. Құтқару орнына жету үшін құтқарушылар 90 шақырымды еңсеруге мәжбүр болды. Құтқарылғандар Есіл қаласына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

"Оқиға орнына келген құтқарушылар адамдарды эвакуациялап, оларды С. Серік атындағы мектеп-интернаттың жылыту пунктіне орналастырды,- делінген ақпаратта.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Ақмола облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз