Полицейлер қарлы боранда жүз шақты көлікке жол бастады

Фото: Zakon.kz
Қостанай облысында 2025 жылғы 16 желтоқсанда полиция 100 көліктен тұратын автотізбекке жол бастап жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі полицияның ақпаратынша, 15 желтоқсаннан бері қолайсыз ауа райы салдарынан Жезқазған – Петропавл автожолында барлық көлік үшін қозғалысқа шектеу қойылған.

"Бүгін полиция қызметкерлері "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкілдерімен бірлесіп, арнайы техниканы пайдалана отырып, Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін және кері бағытта 100 автокөлікке жол бастап жүрді",- делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді қолайсыз ауа райында жолға шықпауға және қозғалысқа қойылған шектеулерді сақтауға шақырады.

Бұған дейін Қостанайда қар құрсауында қалып қойған үш адам құтқарылғанын жазғанбыз,

Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды