PlayStation 5, тыныш оқу аймақтары: Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа заманауи кітапхана ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, кітапхананың бай кітап қоры мен дамыған материалдық-техникалық базасы әртүрлі жастағы және қызығушылығы сан алуан оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік зал, жеке жұмыс істеуге арналған тыныш оқу аймақтары, топтық кездесулер мен шығармашылық жобаларға арналған кеңістіктер жабдықталған.

Сонымен қатар мұнда оқырмандардың жайлы әрі тиімді уақыт өткізуіне барлық жағдай жасалған. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін арнайы бейімделген жұмыс орындары қарастырылған. Көру қабілеті төмен оқырмандарға арналған ірі қаріптегі және арнайы форматтағы әдебиеттер қоры жинақталған.

"Кітапхананың ерекше жобаларының бірі – балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған "Оқы – ойна!" жобасы. Осы жоба аясында балалар аймағында PlayStation 5 орнатылып, ойын мен оқуды үйлестіретін жаңа формат ұсынылған. Бұл бастама балаларды кітапхана кеңістігіне қызықтыруға және олардың оқу мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға мүмкіндік береді". Алматы әкімдігі

Қалалық жаңа кітапхана Розыбакиев көшесі 247-үй, 7-блок мекенжайында орналасқан және қала тұрғындары мен қонақтары үшін күнделікті сағат 08:30-20:00 уақыт аралығында демалыссыз жұмыс істейді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды